• Басты бет
  • Қоғам
  • Ростовская көшесінің тұрғындары жаңа асфальтты бір жыл күтуде

Ростовская көшесінің тұрғындары жаңа асфальтты бір жыл күтуде

Мұнда асфальт салу жұмыстары өткен жылы басталып, қиыршықтас төсеумен аяқталған. Тұрғындардың айтуынша онымен жүру үлкен қиындық тудырады. Сондықтан әкімдіктегілерден мәселені шешуді сұрайды.

 

- Бұл жер басылып қалды. Бізге жаз басталғалы асфальттың қалдықтарын әкеліп салуда. Асфальт болмаған соң шығып тұрған құдықты да сындырып тастады. Қазір дөңгелектермен жауып қойдық. Кішкентай балам бар. Коляскамен қиыршықтаспен жүру өте қиын, - дейді Ростовская көшесіндегі 19-үйдің тұрғыны Кристина Ахметова.

 

- Нұрмағамбетов көшесінен Герингіге дейінгі учаскіде жұмыстар толық жүргізілмеді. Тұрғындардың өтінішімен жұмыстар тоқтатылып, тек қиыршықтас төселді. Олар коммуникацияларды үйлеріне тарту үшін жұмыстарды кейінге қалдыруды сұрады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Жаңа асфальтпен қатар бұл жеке секторда тіршілік көзінің мәселесі де бар. Өткен жылы жолды жөндеу кезінде жұмысшылар жазғы су құбырын сындырған. Енді тұрғындар бау бақшаларын суару үшін арбаларын қиыршықтаспен сүйретіп жақын маңдағы колонкаға баруға мәжбүр. Әкімдікке де бірнеше мәрте жүгінген.

 

- Өткен жылы ақша жинап, өз күшімізбен құбырларды ауыстырдық. Биыл пролема қайталанып отыр. Маусым басталғалы суаратын сусыз отырмыз. Ыстық болған кезе бәрі кеуіп қалады. Бақшаны суаратын суды құдықтан тасуға мәжбүрміз. Ақау Геринг көшесі бойындағы асфальт астында орын алған.  Қазір оны өз күшімізбен жөндеу мүмкін емес, - дейдіРостовская көшесіндегі 23-үйдің тұрғыны Олеся Тутушина.

 

Бұған әкімдіктегілер аумақта жазғы су құбыры бекітілген технологияға сай салынбаған дейді. Яғни мұндай инженерлік коммуникациялар 70 сантиметрден кем емес тереңдікте болуы тиіс. Дегенмен жақын маңда ТҮКШ мамандары мәселені анықтау үшін аталған мекенжайға баратынын мәлімдеді.