Терезе астына қар үйіп кеткен
Адамдар суға толы жертөлені көрсетуде. Оған қоса, бірнеше күн бұрын жақын маңайда белгісіз біреулер қар үйіндісін қалдырып кеткен. Ауа райы жылынғанда еріген су үйдің астына одан сайын кіреді деген ойларын айтты.
- Қар жатыр. Екі-үш күн болды әкеліп төгіп тастаған. Кім төккенін білмейміз. Енді бұл қар боран болып тұр, қар ұстайды ғой. Ертең тау болып қалады. Көктемде ерігенде бәрі үй астына кетеді. Жертөленің іші суға толады, - дейді Гагарин көшесіндегі №32-үйдің тұрғыны Жұмаш Қайырденов.
Осы ретте, Жұмаш Қайырденов түсірілім тобы мен полейцейлерді шақырды. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бірден жедел іздеу шарасын бастауға кірісті. Үйіндіні қалдырып кеткендер міндетті түрде табылады.
- Аталмыш факт бойынша біздің тараптан іздеу шарасы жүргізіледі. Қарды заңсыз үйген кінәлі адамдарды анықтауға кірісеміз. Оларға қатысты әкімшілік кодекстың 505-бабы бойынша жаза қолданылады, - деді Павлодар қаласы ПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полциясының аға инспекторы Дәурен Нұржанов.
Айта кетсек, жыл басынан өздеріне тиесілі жер аумағынан қарды тазаламағандарға қатысты 650-ге жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл соммалары кәсіпкердің субъктісіне байланысты тағайындалады.

