• Басты бет
  • Қоғам
  • Төтенше жағдай департаментінен өрт туралы хабарламалар неге жиі келеді?

Төтенше жағдай департаментінен өрт туралы хабарламалар неге жиі келеді?

Қалада бірнеше күн бойы жаңбыр тоқтамай тұр. Алайда өткен күндері тұрғындардың телефондарына 112 нөмірінен орман, дала өрті туралы ескерткен бірнеше хабарлама  келді. Құтқарушылар бұған қатысты ауа райы болжамы аймағымыздың әр елді мекенінде әртүрлі болатындықтан осындай жаппай хабарлама келетінін түсіндірді.

 

- Кеше бізде Шарбақты мен Аққулы ауданы арасында оқу жаттығу өтті. Ол жерде дала мен орман өрті жиі болады. Суреттерге қарасақ, онда жаңбыр мүлдем жаумады, құрғақ әрі желді ауа райы болды. Сол себепті біз хабарлама жібергенде тек қаланы ғана ала алмаймыз. Барлығына жаппай жібереміз, - деді Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары Алексей Двинянин.

 

 

ТЖД түсіндіргендей олар ақпаратты ауа райын болжаушылардан алады. Содан кейін 112 қызметінен таратады. Ал хабарламаны әр ауылға немесе қалаға жеке жібере алмайды. Бір аймақ болғандықтан елді мекендердегі ауа райы да әртүрлі болуы мүмкін.