• Басты бет
  • Қоғам
  • Жалақы алмаған мал дәрігерлерінің мәселесі келесі аптада шешіледі

Жалақы алмаған мал дәрігерлерінің мәселесі келесі аптада шешіледі

Себебі түрлі қиындықтарға тап болған. Яғни медициналық сақтандыру мен зейнетақы аударымдары болмауы салдарынан қарапайым қызметтерге қол жеткізе алмаған. 

 

Өткен жылы ветеринарлар жалақысы төрт айға кідірген. Аталмыш жағдай биыл да қайталанып отыр. Жақында басшылықпен кездесу өткен, олар өз кезегінде барлық қарыздарды жабуға уәде берді. Болған жәйтті осылай түсіндірді.

 

- Бұл сала бойынша жалақы ең төмен, олар жалақыны өсіріп, басқа өндірістік шығындарға ақша жұмсаған, сәйкесінше олар жалақы мөлшерін дұрыс есептемей бюджетінің ретсіз жұмыс жасауына әкеліп шиеленісті жағдайды тудырды, - дейді Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов.

 

Өңірлік ветеринария басқармасының басшысы жалақы төлеу үшін қосымша қаражат бөлінгенін айтты. Қызметкерлер көптен күткен ақшаны келесі апта ішінде алады. Айта кету керек, бұрын мал дәрігері 75-80 мың теңге көлемінде еңбекақы алатын, бүгінгі таңда ол 155-165 мыңға дейін өскен.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан