Жазғы мектептер жұмысын бастады

Олар өңірлеріміздің барлық мектептерінде жұмыс істеуде. Педагогтердің айтуынша бұл оқушылардың білімдерін жетілдіруге керемет мүмкіндік. Оқушылар мұнда ата-аналарының өтінішімен келеді. Және мектеп формасы да талап етілмейді.

 

- Жазғы мектепте оқу тегін. Оқушылар ата-аналардың өтініші бойынша қатысады. Сонымен қатар пәндерді де өз қалауы бойынша таңдайды. Мысалы бізде жазғы мектеп сағат 9-10.30-ға дейін жұмыс істейді. Осы уақытта мұғалімдер жыл бойы алған біліміндерін пысықтайды, - деді Елена Берликова. 

 

 

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған. Бастауыш сыныптарда 2, ал жоғары сыныптарда 4 сабаққа дейін өтеді.  Үй тапсырмасы берілмейді. №8 лицейде жазғы мектепке оқушылардың 60 пайызға жуығы қатысуда.

 

- Біз балалар жазғы кампусы деп аталатын жоба ұйымдастырдық. Мұнда бірқатар бағыт құрылған. Бізде оқыту, дамыту тректері бар. Соңғысына оқушылар ата-аналардың қалауымен қатыса алады. Онда түрлі тәжірибелер, мәдени, спорттық шаралар өткізілетін болады, - деді Елена Берликова.

 

Жазғы мектеп маусымның 19-на дейін жалғасады. Бұл ретте ұстаздар оқушылардың жазғы демалысы жақсы өтетініне сенімді.