Жолаушыны автобустан итеріп шығарған кондукторға айыппұл салды
Мамандандырылған әкімшілік сотта жанжалға төленбеген жолақы себеп болғанын хабарлады. Кондуктор зейнеткер куәлігін көрсете алмаған қарт әйелді салоннан итеріп шығарған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған еді.
- Құқық бұзушы сот отырысында кінәсін толық мойындады. Азаматшаға әкімшілік айыппұл салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - деді Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік соты судьясы СерікМарданов.
51 жастағы әйел кінәсін мойындағандықтан 14 мың 586 теңге айыппұл салынды. Әйтпегенде он тәулікке қамалуы да мүмкін еді.

