• Басты бет
  • Қоғам
  • Жүрек кемшіндігі бар әйелді кардиоорталықта босандырып алд

Жүрек кемшіндігі бар әйелді кардиоорталықта босандырып алд

Жүкті әйел перзентханаға ауыр жағдайда түскен. Себебі туа біткен жүрек кемшіндігі бар. Кардиологтер мен гинеколог мамандар ақылдаса келе пациентті кардиоорталықта босандыруды шешкен.

 

- Бастапқыда нақты бір күні кесарь тілігі операциясын жасайтын болғанбыз. Алайда бізге түскенде жағдайы тым нашарлап кетті. Тез босандырып алуды шештік. Ал оны перинаталдық орталық қабырғасында жүзеге асыру қауіпті болды. Себебі кез келген уақытта жүрегі шыдас бермеуі мүмкін еді, - деді Павлодар облысы перинаталдық орталығының емдеу жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары.

 

Нәтижесінде салмағы 3 келі 900 грамм ұл бала дүниеге келген. Үшінші баласын босанған әйелдің өміріне төніп тұрған еш қауіп жоқ дейді ақ халаттылар. Қазір оны кардиолог мамандар бақылауда. Ал нәрестені перинаталдық орталық дәрігерлері күтіп қарауда.

 

- Баланың жағдайы жақсы. Әкесіне осында келіп көруге рұқсат. Сонымен бірге біз ватсап арқылы анасына, туыстарына суретін жіберіп тұрамыз. Себебі жаңа босанған жас ана үшін баладан қашықта болу қалай дегенмен де күйзеліс қой. Біз оны шамамыз келгенше осылай қолдап жатырмыз, - дейді Инесса Высоцкая.

 

Айта кету керек, бұл кардиоорталық қабырғасында дүниеге келген үшінші бала. Перинаталдық орталық дәрігерлері мен білікті мамандар кез келген уақытта денсаулығы осындай жағдайдағы әйелдерді аман алып қалуға дайын.