Жәрдемақы неге төленбейді?

- Көпбалалы аналарда егер үлкен баласы оқыса және оқитыны жөнінде анықтама әкелсе 23 жасқа жәрдемақы төленеді, алайда маған ақша төленбейтіндігі анықталды, - дейді Қозыкеткен ауылының тұрғыны Индира Собко.

Әйелдің айтуынша үлкен қызы туған емес болғандықтан мемлекет жәрдемақы төлеуден бас тартқан. Әйтседе мен оны әлі де бағып-қағып, оқуын төлеп жатырмын ғой дейді Индира Собко. Ал еңбек, әлеуметік қорғау және көші-қон комитеті департаментінде заң бойынша шынымен де жәрдемақы төленбейтінін айтты. Себебі қамқоршы тек 18 жасқа дейін ғана қарастырылған. Дегенмен де Индира Собконың қызына басқа жәрдемақы төлене береді

- Бұл кісінің қызы кәмелет жасқа толғандықтан ол халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, банкта есепшот ашып, өтініш жазып, оқу орнынан анықтама әкеліп, асыраушысынан айрылғаны бойынша жәрдемақы ала алады, -деп түсіндірді Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары Алмагүл Мұхамедова.

Индираның қамқорлығындағы қыз оқу бітіргенше аталмыш төлемді ала алады. Тек құжатын жаңартса жеткілікті. Ал Шенеуніктер Қозыкеткен ауылының тұрғынына басқа ештеңемен көмектесе алмайтынын айтты.