«30 жыл бұрын бұзылған баспана үшін салықты неге төлеуім керек?»
Желтоқсан көшесіндегі №160-шы үй 1989-шы жылы бұзылған. Қазір оның орнында көпқабатты тұр. Сол кезде Шөкин, 38 мекенжайынан 4 бөлмелі пәтер берген. Уақыт өте келе оны да ауыстырған. Көп жылда түрлі жылжымайтын мүлік иесі болған. 2010-шы жылы оған салық қаразы бар деген түбіртектер келе бастады. Зейнеткер құзырлы органдарға барып, салық бұзылған үй үшін есептелгенін анықтады. Бүгінде әкімдік жағдайға мәлімдеме жасады.
- Ол адамға жылжымайтын мүлік басқармасына жүгіну қажет. Онда Желтоқсан 160 мекенжайындағы үйі ауыстырылды деген құжаттың көшірмесін алу керек. Кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан аталмыш нысан жоқ деген техникалық зерттеу құжатына тапсырыс беруі тиіс, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.
Мемлекеттік кірістер департаментінде зейнеткердің жағдайын түсініп, биылғы қарызды есептемеген. Алайда, егер Баянбек Әбілов құжат жұмыстарын осы жылы аяқтамаса, 2022-ші жылы салық қайта автоматты түрде келетін болады. Сол себепті кабинеттердің табалдырығын қайта тоздыруға тура келеді.

