«Ауланы мұздан ПИК тазалау керек!»
Кіреберістердің алдында мұз, ал үйдің жанында - қар құрсауылары пайда болған. Адамдардың айтуынша, көліктер үнемі батып жатады.
- Күні кеше бұл жерде көлік тұрған. Оны басқасы келіп соғып кетіп, зақымдады. Ауламыз өте тар. Оған қоса көктайғақ. Себепсіз үйден шықпауға тырысамыз. Тайғанақ. Барлығы аса сақтықпен қозғалады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы №204-үйдің тұрғыны Валентина Бабенко.
Адамдар тазалыққа кім жауапты екенін білмеуде. Қала әкімдігінде аталмыш жұмыстарды ПИК-тер орындау қажет деді. Бүгінде 250 мекенжайдың қызмет көрсетуші ұйымдары мұз ойып, құм шашқан.
- Аталмыш жұмыстар орындалмаған жағдайда жергілікті полиция қызметін шақыруға міндеттіміз. Олар әкімшілік жауапкершілікке тарталады. Бөлім тарапынан Назарбаев, 204 мекенжайының ПИК-қожайынына тазалық жұмыстарын орындау бойынша хат жіберілді, - деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Сұлтанали Макеев.
Жергілікті ПИК-ке апта соңына дейін уақыт берді. Басқа жағдайда айыппұл. Оның көлемі кәсіпкер субьектісіне байланысты тағайындалады.

