«Ағаштарды сау ма, ауру ма қарамай кесіп жатыр!»
Бейнеден коммуналшылардың ағашты кесіп жатқаны көрсетілген. Тұрғындар ауру ағаштармен бірге сауларын да аралауда деп шағымдарын жөнелтті. Ал өзгелері жасалған жұмыстың жөнді орындалғанын айтуда. Әзірге ауладағы кесілген ағаштардың қалдықтары толығымен шығарылмаған.
Ал Лермонтов көшесіндегі №89-үйде қисайып тұрған бұта балалар алаңына құлап түскен. Бүгінде ағаш алынып тасталды. Мамандар аталмыш деректер бойынша осындай түсініктеме берді.
- Кеше Толстой көшесіндегі №105-үй тұрғындарының өтінші бойынша апатты жағдайдағы 3 ағаш кесілді. Ол адамдарға және жеке мүліктеріне зиян келтіруші еді. Жауапты ұйымдар тек өтініштер бойынша мекенжайларға шығады, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.
Маусым басталғалы 100-ден астам сұраным бойынша іс атқарылды. Апатты жағдайдағы ағаштарды қос мердігерлік ұйым кеседі. Өтінімдер бойынша жұмыс жалғаса бермек.

