«Holiday» - демалыс күн лагері

Ауа райына қарамастан мектеп оқушылары мен ата-аналардың көңіл күйі тамаша. Қатарында көп балалы отбасыдан шыққандар да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл - жыл сайын өтетін дәстүрлі шара.

 

- Іс-шараның мақсаты отбасыларды нығайту болып табылады. Орталығымыз 3 бағытта жұмыс атқарғандықтан экология, өлкетану және туризм бағыты болғандықтан, олармен экскурсия жасаймыз. Яғни 3 топқа бөліп бірінші тобымыз музейге кетті, екінші топ жылыжайымызда, 3 топ туристік машықтану орталығында өздерінің шеберліктерін көрсетіп жатыр, - дейді балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі Әсия Хасенова.

 

Мұнда келгендер барлық шараларға белсенді қатысты. Басым бөлігі бұл мектепте бұған дейін болмаған. Солардың бірі кішкентай Жазира әжесімен келген. 

 

- Біз үшін сондай қызықты, бірінші рет келіп тұрмыз. Бәлен жыл қалада тұрсам да мұндайды естімеппін, көрмеппін. Осы немеремнің арқасында осында келіп қалдық. Сондай жақсы, керемет, - деді Бақытжамал Дакова.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша ата-аналар мен балаларға ұнап жатса, мұндай шараны тағы да өткізу жоспарда бар.