• Басты бет
  • Қоғам
  • «Ирбис» телекомпаниясында мереке қарсаңында арнайы айдар жұмысын бастады

«Ирбис» телекомпаниясында мереке қарсаңында арнайы айдар жұмысын бастады

Мына металл кескіш білдекті көрген ер азаматтардың өзі  Ақмарал Сартпаеваның тиянақты жасалған еңбегіне тәнті болады. Кәсіпорында жұмыс істеп жатқанына 15 жыл болғанымен, әрқашанда өз-өзін дамытып, кәсіби дамуға асық.

- Белгілі бір кәсіпті меңгеру керектігін түсіндім де, бар тәжірибемді жинақтап, ұжымға судай сіңдім. Колледжде білім алып, біліктілікті арттыруға мән бердім. Осылайша, білдек қасында жұмыс істей бастадым, - деді «Қазақстан Алюминийі» АҚ ЖЭО жөндеу-механикалық шеберханасының металл кескіші Ақмарал Сартпаева.

Ұжымда бұндай маманды құрметтеп, бағалайды. Кей сәтте, тәжірибелі шеберлердің өзі кеңес сұрап жатады. Ақмарал Сартпаева - 5-ші разрядтағы кәсіби маман. Бұның өзі біліктілігінің жоғары екендігін айқындайды.

- Ақмарал әрқашанда көңілді. Жанында жүргендердің барлығын жігерлендіреді. Оған қарап бой жазатан ер адамдар да аз емес. Біздің ұжымдағы қазан машинисті, білдек жұмыскерлері болып қызмет ететін әйелдер қауымы ауыр, әрі өте маңызды жұмыс атқарады. Оларсыз ортақ жұмысты елестету мүмкін емес. Бізге қажет мамандар, - деді «Қазақстан Алюминийі» АҚ ЖЭО жөндеу-механикалық шеберханасының басшысы Сергей Кравчук.                  

- Меніңше, қиындықтардан қорықпау керек. Көптеген ауыртпалықтарды артта қалдырдық. Сол себепті тек алға ұмтылу қажет. Оған қоса, ер адамдар бізге әрқашан да қолдау көрсетеді, - деді Ақмарал.                

Ал жанұясында біздің кейіпкерімізді мүлдем басқа қырынан көруге болады. Жақында 9-ға толатын Камила үшін анасы үлгі тұтарлық жан. Олар бірге үй тапсырмасын орындап, кітап оқып, қыздар арасындағы құпияларымен бөліседі.                 

«Бірге тамақ жасағанды ұнатамыз. Бос уақытта кино көреміз. Әсіресе, детектив жанрын анам өте жақсы көреді».                   

Ақмарал өз ауыр кәсібін ер адамдарға арналған деп ойламайды. Айтуынша, бұл жұмыстың әдемілігі жүректі баурайды. Тек оны көре білу керек.