«Модернизация сапасы төмен», - дейді павлодарлықтар

Адамдар жағдайды бейнеге түсіріп редакцияға жіберген. Айтуларынша әр пәтерден 350 мың теңгеден шығады екен. 5 қабатты жатақханада жалпы 160 бөлме бар. Ғимараттың сырт келбеті жаңартылғанымен, кіреберіс жөндеуді қажет етеді. Ортақ тазалық бөлмелеріне кіру мүмкін емес. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жөндеу жұмыстары 2013-ші жылы басталған. Ол кезде мердігер алақол деп танылып, жаңарту тоқтатылды. 2019-да жұмыстар жалғасады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жуырда түбіртектерінде жаңа тармақ пайда болыпты.  

 

- Мұнда жуырда жөндеу жұмыстары өтті. Алайда, ешкім ешқандай өзгеріс байқамауда. Тек қана үйдің сыртын және дәлізді бояп қойған. Осыған 40 миллион кетіпті. Бұл сұмдық жағдай. Ортақ дәретханадан мұрынды жаратын жағымсыз иіс келеді. Мұнда күнделікті қаңғыбастар қоныстайды. Бұл үшін ай сайын 2700 теңге төлеуім керек пе сонда?, - деді Генерал Дүйсенов көшесіндегі №1-үйдің тұрғыны Алмагүл Истелеуова. 

 

- Аталмыш үйде шатыр, ыстық және салқын су беру жүйесі, жылу торабының жөндеу жұмыстары орындалды. Кіреберіс қалпына келтірілді. Жұмыстар 2019-шы жылдың қазан айында яқталды. Барлық қабылдау актілері бар. Кепілдік мерзімі 3 жылды құрайды, - деп жеткізді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Қала әкімдігі мәлімдегендей осы уақытқа дейін мердігер кепілдік мерзімі аясында ешқандай жұмыстар орындамаған. Түбіртектегі жаңа тармақтың енді ғана пайда болуының себебін әкімдік өкілі алдыңғы мердігермен жүргізілген сот ісінің созылуына байланысты деп түсіндірді.