«Нәзік жан» айдарының соңғы кейіпкері кім?
Ирина ресейлік Сібір металлургия институтын бітіріп, еңбек жолын Ақсу ферроқорытпа зауытында бастады. Өндірістегі бірінші лауазымы - екінші санаттағы бақылаушы еді. Бүгінде ол шығарылатын өнімнің сапасын қадағалайтын бөлім басшысы.
- Зауыт өмірі, жұмысы өте жауапты. Техникалық бақылау бөлімінде 140 адам бар, олар сапаны қадағалайды. Компанияның айнасы деуге болады, біз кіріс шикізаттарын қабылдаймыз және жүктелген өнімдердің сапасына жауап береміз, - деді Ақсу ферроқорытпа зауытының техникалық бақылау бөлімінің басшысы Ирина Иволга.
Ол ер мінезділігіне қарамастан, көктемді ерекше күтеді. Жылы лебіздер мен сыйлықтарды қабылдау әрқашанда құрмет. Және бұндай ниет тек 8 наурыз мерекесімен шектелмейді.
Ирина Иволга-кәсіпорынның ең адал қызметкерлерінің бірі. Айтуынша, жұмыскерлердің Ақсу ферроқорытпа зауытында ондаған жылдар бойы еңбек етіп жатқандығы таң қаларлық дүние емес. Ұрпақтар сабақтастығы да жиі кездеседі. Бұл жерде барлық жағдай жасалған.
- Біздің өнімдеріміз жоғары сапалы, оны бүкіл әлемге жеткіземіз, және іс жүзінде тұтынушы тарапынан бағалану көрсеткіші де өте жоғары, яғни сапаға қатысты ескертулер жоқ. Біз өз жұмысымызды мақтан тұтамыз, бағалаймыз, әйелдерге арналған кәсіпорын деуге болады. Әйелдер еңбек етіп, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Әрқайсымыз жұмыс киімімен, қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілеміз, - деді Ирина.

