• Басты бет
  • Қоғам
  • «Павлодар-Водоканал» өз тұтынушыларына 20 мың теңгеден қайтарады

«Павлодар-Водоканал» өз тұтынушыларына 20 мың теңгеден қайтарады

Қызмет көрсетуші ұйым дәл осындай соманы 2020 жылы тұтынушыларға қайтарған еді. Ол кезде қызмет көрсетуші ұйым сумен жабдықтау желілеріне қосылу орындарына қатысқан комиссияның жұмысына ақы төлеуді талап еткен.  Павлодарлықтардың шағымынан кейін жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қала тұрғындарына 5 миллионға жуық қаражат қайтарылды. Ал кәсіпорын қысқартылған тәртіпте 240 мың көлемінде айыппұлмен құтылды. Артынша Кенжекөл ауылының тұрғындары да комиссияның жұмысына 20 мың төлегендерін айтып департаментке хабарласқан. Тек 2019 жылы ауылға орталық су құбыры тартылғаннан кейін. Ал суды үйге жеткізу жұмыстарын адамдар өз есебінен жасады.

 

- Павлодар-Водоканал» ЖШС атына шілденің 19-нан желтоқсанның 31-і аралығында 20 мың төлеген барлық тұтынушылардың қаражатын қайтару туралы нұсқама жолдады. Ол өтініш бойынша жеке шотқа немесе қолма-қол беріледі. Бұл барлық облысқа қатысты шешім, - деді ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирас Зеріпбаев.

 

Мамандар 2019 жылдың шілдесінен желтоқсаны аралығындағы қаражатты ғана қайтаратынын жеткізді. Себебі осы аралықта жауапты мекеме аталған қызмет түрін көрсете бастаған. Тұрғындарға төлеу жұмыстары жүргізіле бастады. Өтініш бойынша. Апта сайын қандай мекенжайға берілгені туралы есепті де жіберуде. Бұдан бөлек департаментте қымбат су есептеуіш құралдарға байланысты түсініктеме берді.    

 

- Олар осы ұсыныс бойынша хатты қаңтардың 18-і жолдаған. Алайда біз бекітпедік. Өйткені онда көрсеткіштерді жолдауға мүмкіндік беретін радиомодулді орнатуға болатын құралдар туралы ұсыныстар болмады. Біз тұтынушыларды таңдау құқығынан шектемеуді жөн көрдік. Қаңтардың 19-ы  оларға жауапты хат жолдап, есептеу құралдарының барлық түрлері қолданыста болатынын жеткіздік, - деді ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирас Зеріпбаев.

 

Бүгінгі таңда  қымбат тұратын су есептегішітерін орнату туралы нақты шешім қабылданбады. Сол себепті тексеруден өткен барлық құралдар пломбалауға жарамды. Бұл енді іске қосылатын нысандардан бөлек. Алайда «Су кодексіне» сәйкес кейінірек  соңғы үлгідегісін сатып алу қажеттілігі тумақ. Қашан екендігі уақыттың еншісінде.