І топ мүгедегі азаматтығы жоқтығынан баспанасыз қалмақ
Генадий Рупенко — 65 жаста. 1975 жылдан Қазақстанда тұрып, 1993 жылы Ресейге кетіп қалады. Алайда 10 жылдан соң оларды кейін қайтарған.
- Біздің құжаттарымыз қазақстандық болды. Бізді қабылдамады. Ресейде керектерің жоқ деді. 12 жыл бойы тіркеусіз тұрдым. Түксіз өмір сүрдік, - деді Геннадий Рупенко.
Қолдарындағы бүкіл құжаттарын Ресейде алып қойған. Қазақстанда азаматтығы жоқ деген төлқұжат беріп, тиісінше зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдеген. Генадий Рупенко 2010 жылы І топ мүгедегі ретінде әлеуметтік пәтерге кезекке тұрады. Себебі олар 20 жылдай паналап отырған үй апаттық жағдайда. Естеріңізге сала кетейін, ол 2019 жылы құлап та қалған. Сол кезде қабырғаны көтеруге көршілері көмектескен. Ал екі апта бұрын немерелері қонаққа келген.
- Мына жер жарылған. Астынан ақырын сылап қойдым. Төбе ол құлайын деп тұр. Даладағы үйдің артындағы қабырғада жарылған, - деді Геннадий Рупенконың немересі Алихан Яловский.
Зейнеткерлер осы уақыт бойы құжаттарымыз дұрыс, кезек жылжып жатыр деп ойлап келген. Алайда 2019 жылы оларды кезекте тұрғандар тізімінен алып тастағаны жайлы хат келген.
- 2019 жылы есепке қою бойынша қызмет ТҮКШ бөлімінен қаржы бөліміне ауыстырылды. Сол кезде түгендеу жүргізіліп, осындай заң бұзушылық анықталды. Яғни оның азаматтығының болмауы заңсыздық болып табылады. Соған байланысты ол есептен алынды, - дейді Ақсу қаласы қаржы бөлімінің басшысы Ербол Сағынтаев.
Кейін белгілі болғандай Рупенколар отбасысы Ресейден қоныс аударғалы кеңес үкіметінің төлқұжатымен өмір сүрген. 2019 жылы олар азаматтыққа құжат жинастырған. Тек өткен жылдың күзінде ғана қолдаухат жіберген.
- Бүгінде оған еш құжат тапсырудың қажеті жоқ. Ол құжаттар пакетін тапсырған. Бізде бар. 2022 жылға дейін жарамды. РФ азаматтығы жоқтығы туралы анықтаманы ұсынды, - деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Гүлстан Баталова.
Көші-қон қызметінде Рупенколар отбасысына тек күту керек деп мәлімдеді. Маусым айында бұйрық шығады. Сол кезде оларға ҚР азаматтығын алу үшін анықтама беріледі. Сол кезде ерлі-зайыптылар қайта баспана кезегіне тұра алады.

