Қалалық жағалауда жөндеу жұмыстары басталды
«Негізгі жұмыстар гүлзарлардың жиектерін бояп, баспалдақтарды түзетті. Баспалдақтардың бойындағы түсіп қалған плиталарды жапсырды. Қажет жерлердегі бояуды сыдырып, қайта бояды, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Сабыр Оразбаев.
Саябақтарды ретке келтіру жұмыстары 2 айға созылады. Бұған жергілікті бюджеттен 11,9 миллион теңге бөлінді. Коммуналшылар павлодарлықтарды қала мүлкіне мұқият қарауға шақырады.
