• Басты бет
  • Қоғам
  • Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға берілетін тегін дәрілер неге жоқ?

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға берілетін тегін дәрілер неге жоқ?

Қиындық өндірушілер жұмысының іркілісінен туындап отыр дейді мамандар. Кейбір препараттар тіпті ақпанның соңына дейін болмайды.

 

- Анастразол ақпанның 23-і келеді деген хабарлама алдық. Қалған бөлігі сәуірде жеткізіледі. Бұл өндірушілерге байланысты болып отыр. Капецитабин мен Фулвестрант препараттары наурыздың онында бірыңғай дистрибьютордың қоймасына келіп түседі, - деді «СК Фармация» ЖШС Павлодар облысы бойынша өкілдігінің басшысы Аягөз Айтбаева.

 

Денсаулық сақтау басқармасында басқа препараттардың бір айдан астам уақытқа жеткілікті қоры бар екенін атап өтті. Биыл амбулаторияда емделушілерге 6,4 миллиард теңгеге препарат сатып алынған. Сонымен қатар аймаққа бөлінген коронавирусқа қарсы 1200 вакцина толық игерілді. Алдағы уақытта тағы соншасын жеткізу жоспарланған.