Қазгидромет: «Павлодарда әлі күн қатты ыстық емес»

Қазіргі ыстық ауа райы қалыпты. Термометр 32-ден 37 градусқа дейін көрсеткен жағдайда экстремалды болады. Әзірге ауа температурасы түнде 20, күндіз 30-35 градус. Ал демалыс күндері, яғни шілденің 4, 5, 6-сы күндері бұдан да жоғары болады деп күтілуде. 

 

- Алдағы күндерге температура 30-35 градус. Демалыс күндері ыстықтың күшеюін күтудеміз. 32-37. Жауын-шашын шілденің 5-і болады деп болжаудамыз, - деді «Қазгидромет» РМК болжау бөлімінің синоптик инженері Елена Головченко.

 

Синоптиктер ауа райын тек бір айға болжайды. Дегенмен температура мен жауын-шашын нормада болады деп күтілуде. Ал ақ халаттылардың айтуынша соңғы уақытта жүрек-қан тамырларының ауруы бар адамдардың жедел жәрдем көмегіне жүгінуі артқан.

 

- Ыстықта ми қан айналымының өткір аурулары, миокард инфарктісі, артериалды қысымның бұзылуы, жүрек ырғағының бұзылуы ауруларының өсуі байқалады. Қазір тәулігіне 720-ға дейін шақыртуға шығамыз. Оның 60-62 пайызы  қан айналымы жүйесінің ауруы бар адамдарға, - деді Павлодар облысы жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.

 

Бұл маусымдық жағдай болғанымен дәрігерлер тұрғындардан мүмкіндігінше үйде қалуларын сұрайды. Ал сыртқа шыққан жағдайда бас киім киіп, көбірек су ішуге кеңес береді.