Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 500 мың павлодарлық екпе салдыру керек
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, инфекциондық стационарларда жағдай өгеріссіз. Күн сайын науқастар келіп түсуде.
- Соңғы тәулікте жаңа 202 жағдай тіркелді. Соның ішінде 185 жағдай симптоммен. Бүгінде 1201 адам стационарлық ем алуда. Ағымдағы 22 қазандағы жағдай бойынша төсек орындардың толуы 54,5% құрап отыр. Соның ішінде 90 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мекемелерінің стратегиялық дамыту және инновациялық технологиялар бөлім бастығы міндетін атқарушы Ерғалы Асылбек.
Сондай-ақ, бүгінде алғашқы компонетті облыстың 313 мың тұрғыны алғаны белгілі болды. Денсулық сақтау басқармасында атап өткендей осы аптада екпе салушылардың қатары артқан. Өткен жеті күнде тәулігіне орташа есеппен 400 адам егілсе, бүгінде олардың саны 800-900-ге дейін жетеді. Айта кету керек, аймағызда ревакцинациялауды желтоқсан айынан бастауды жоспарлап отыр.
Авторы: Аида Адрахова.
