• Басты бет
  • Қоғам
  • Өтірікті анықтайтын құралдың тілін білетін өңірімізде тек 4 адам бар

Өтірікті анықтайтын құралдың тілін білетін өңірімізде тек 4 адам бар

Ал 2016 жылы жедел криминалистикалық басқармаға ауысқан. Қазір ол түрлі зерттеулер жүргізіп, қылмыстың қалай және кіммен жасалғанын анықтауда өз үлесін қосуда.

 

- Енді іздердің әр түрі бар. Мысалы қол іздері, трассологиялық дейміз аяқ киім, көлік доңғалақтарының іздері. Егер ол ұрланған болса. Одан басқа биологиялық іздер бар. Егер ауыр қылмыс жасалса, қан да болады, ДНК дейміз шаш, тырнақ іздері барлығы алынады да оның барлығы зерттеледі, - дейді Павлодар облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Ербол Оразбаев.

 

Ербол Оразбаев полиграф, яғни өтірікті анықтайтын детектормен де жұмыс істейді. Ол үшін  Алматыға барып арнайы оқу курсынан өткен. Әрбір жаңа тәжірибе ол үшін тергеуге бұлтартпас айғақ ұсынудың тәсілі. Айтуынша бұл аппараттың қылмыстық іс кезінде дәлел алуда маңызы зор.

 

- Адамның физиологиялық реакциясын қадағалау арқылы ол алдап тұр ма, алдап тұрған жоқ па шындыққа көз жеткізу тәсілі. Ол да бір зерттеуге жатады. Ол қылмыс жасаған кезде адамның дәлелдемесін шығаруға қажетті өткізілетін зерттеу, - деді Ербол Оразбаев.

 

 

Дегенмен де аппарат көрсеткен тест нәтижесі тікелей айғақ бола алмайды, тек тергеушіге бағыт береді дейді. Айта кету керек, аймағымызда бұл аппаратта жұмыс істеуді оқыған және зерттеулер жүргізетін төрт адам ғана бар. Ербол Оразбаев өзінің құқық қорғау саласында тер төгіп жүргенін мақтан тұтады. Онымен бірге бүгін аймағымызда екі мыңнан астам тәртіп сақшысы кәсіби мерекесін атап өтуде.