• Басты бет
  • Қоғам
  • Өңірімізде қансорғыштар дернәсілдері жіті қадағаланылуда

Өңірімізде қансорғыштар дернәсілдері жіті қадағаланылуда

Арнайы топтың шығу жұмыстары сәуірдің 10-нан басталған. Бүгін Ертіс өзені маңындағы тоқтам сулар тексерілді. Мамандар дернәсілдердің әзірге жоқ екенін айтуда.

 

- Қазіргі таңда су арналарына улау жұмыстарын жүргізудің еш қажетіттілігі жоқ. Су температурасы 5 градус. Ал олар 12-13 градус жағдайында дамиды. Сонымен қатар, Бұқтырма су қоймасынан су жіберілген жоқ. Бақылау жалғасады, - деді ғылыми топ жетекішсі Дәулет Ибраев. 

 

 

Су деңгейі көтерілген сәтте, оған қоса ауа температурасы жоғарылағанда дернәсілдердің фенологиялық даму сатылары анықталып кейін дезинсекция жасалады. Нақты мерзімі белгісіз. Улау жұмыстарына химиялық және биологиялық препараттар қолданылады.

 

- Биологиялық препараттың көлемі 70 мың килограммды құрайды. Химиялық препараттың көлемі - 2300 литр. Былтырғы хлорферипостың негізі 48% төмен болып қарастырылса биыл химиялық элементтің негізгі яғни хлорферипос емес пермитрин, дельтометрин деген негізгі осы химиялық элементтер болып саналады, - деді Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Мақпал Лепесова.

 

Аталмыш шараларды қолға алатын байқау аяқталды. Әзірге шағымдану мерзімі өтуде. Барлығы оң шешілсе, 3 жылдық келісімшарт жасалады. Бұл мақсатқа шамамен бір жарым миллиард теңгеден астам ақша бөлінген.