• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Алматылық Павлодарда әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл төледі

Алматылық Павлодарда әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл төледі

Павлодар полицейлері әлеуметтік желіге бейне түсіріп, онда бейәдеп сөздер айтқан әйелді анықтады, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Бейнеролик авторы бұған дейін Павлодар қаласында тұрғанын айтқан. Әңгіме барысында ол балағат сөздер қолданған. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақша авторының жеке басын анықтады. Ол Алматы қаласының 41 жастағы тұрғыны болып шықты.

 

- Әлеуметтік желідегі ұсақ бұзақылық әрекеті үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды, — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.