Баянауыл ауданында 2 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Баянауыл ауданында прокурорлық тексерістен кейін құны 16 миллион теңгеден асатын 2 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды irbistv.kz.

Баянауыл ауданында прокуратура ауыл шаруашылығы жерлерінің қалай пайдаланылып жатқанын тексерді. Бірнеше фермер қожалығы жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін учаскелерді қайтармай, оларды пайдалануды жалғастыра бергені анықталды.

Осындай қожалықтардың бірі — «Рымжан». Ол Қызылтау ауылдық округіндегі аумағы 680,4 гектар учаскені заңды негізсіз пайдаланған.

– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет меншігіне құны 16 млн теңгеден асатын 2 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды, – деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасынан.