Баянауылда әуеден бақылау кезінде қабандар үйірі көзге түсті

 

 

Баянауыл ұлттық паркінде жабайы қабандар бейнежазбаға түсіп қалды. Жануарлар табиғи мекендеу ортасында әуеден түсірілген, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында кезекті әуе мониторингі жүргізілді. Ұшу барысында мамандар жабайы қабандар тобын байқаған.

 

— Жабайы қабан — Баянауылдың жануарлар дүниесінің өкілдерінің бірі. Мұндай кадрлар ұлттық парк тұрғындарының күнделікті тіршілігін ерекше ракурстан көруге мүмкіндік береді, - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Әуе мониторингі мамандарға саябақтың қолжетімділігі қиын аумақтарын бақылап, жабайы жануарларды қадағалауға мүмкіндік береді. Мұндай түсірілімдер Баянауыл жануарларының жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат жинауға көмектеседі.