• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Бесіктен белі шықпай: Павлодарда кәмелетке толмаған қыз мас күйінде ауруханаға түскен

Бесіктен белі шықпай: Павлодарда кәмелетке толмаған қыз мас күйінде ауруханаға түскен

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды тұлғасыз қоғамдық орындарда жүру заңсыздығының алдын алу мақсатында жүргізілген рейд барысында полицейлер Павлодарда ес-түссіз жатқан қызды анықтаған, - деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Бойжеткен Павлодар қаласындағы бассейн маңатында, гараждар аумағында ішімдікке мас күйінде табылған. Жасөспірім бірден медициналық мекемеге жеткізіледі.

 

— Қоғамдық орында масаң күйде жүргені, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қыздың заңды өкіліне қатысты әкімшілік материал рәсімделді, — деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 18 жасқа толмағандардың қоғамдық орындарда масаң күйде жүруіне және алкогольдік ішімдіктерді тұтынуына байланысты 90 құқық бұзушылықтың жолын кескен.