Екібастұзда көлік салонынан табылған ет тексеруге себеп болды
Екібастұзда көлікті тексеру барысында ет өнімдерін тасымалдау талаптарының бұзылғаны анықталды деп хабарлайды irbistv.kz.
«Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері көліктерді тексеріп жатыр. Осындай тексерулердің бірінде ет өнімдерін тасымалдау ережелерінің бұзылғаны белгілі болды.
- Тексеру кезінде Volkswagen Passat маркалы автокөлік тоқтатылған. Темір тұлпарды басқарған ер адам ет өнімдерін белгіленген талаптарды бұза отырып, машина салонында тасымалдаған, - деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінде.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды.
Фото: Павлодар облысы ПД
