Ертіс жағасында ер адам оқтаулы қарумен ұсталды

Заңсыз аңшылық пен балық аулаудың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды irbistv.kz.

Ер адам Ертіс өзенінің жағасында жүрген. Оның атына тіркелген аңшылық қаруы оқтаулы күйде және қапсыз болған. Табиғатты қорғау полициясының мәліметінше, бұл — заңнама талаптарын бұзу.

 

Павлодар облысы ПД хабарлауынша, жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

 

фото: Павлодар облысы ПД