Ертіс өзенінде 16 жастағы жасөспірімді құтқарды

ТЖМ құтқарушылары Ертіс өзенінде суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарды. Оқиға Усолка шағын ауданында болған, деп хабарлайды irbistv.kz.

Белгілі болғандай, жасөспірім шомылу рұқсат етілмеген орында суға түскен және өз күшін дұрыс есептемеген. Құтқарушылар 16 жастағы жасөспірімге қайықпен жедел жетіп, оны судан алып шықты.

— Құтқару құралымен жедел түрде жасөспірімге жақындап, 2010 жылы туған баланы судан алып шықтық. Медициналық көмек қажет болмады. Жасөспірім құтқару станциясына жеткізілді, — деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.