Маралды көліндегі жанжал: павлодарлық 60 мың теңгеден астам айыппұл төлейді
Маралды көліндегі демалыс сотпен және айыппұлмен аяқталды. Павлодар қаласының тұрғыны мас күйінде балағат сөздер айтып, әйелге қатысты агрессивті әрекет жасаған деп хабарлайды irbistv.kz.
Оқиға Көлбұлақ ауылындағы Маралды көлінің демалыс аймағында болған. Іс материалдарына сәйкес, 1971 жылы туған павлодарлық ер адам мас күйінде қызметтік бөлмеде әйелдің атына балағат сөздер айтып, өзін агрессивті ұстаған. Іс сотта қаралды. Ер адам өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.
-Сот оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігі негізінде әкімшілік айыппұл мөлшері 30 пайызға қысқартылған. Нәтижесінде ер адамға 60 550 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді, - деп хабарлады Шарбақты аудандық сотында.
