Омыртқа жарақатын алған әйел Екібастұздан Павлодарға тікұшақпен жеткізілді
Санавиация омыртқа жарақатын алған 38 жастағы әйелді Екібастұздан Павлодарға жеткізді. Ауруханаға келген бойда науқас шұғыл түрде операцияға жіберілді, деп хабарлайды irbistv.kz.
Санитариялық рейсті ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы орындады. Әйелге мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығына жеткізілді.
-Өтінім 24 қыркүйекте Екібастұз қалалық ауруханасынан келіп түсті. Омыртқасынан жарақат алған 38 жастағы әйел Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта нейрохирургтер операция жасап жатыр, - деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
