• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодар облысында заңсыз үй салған шетелдіктер елден шығарылуы мүмкін

Павлодар облысында заңсыз үй салған шетелдіктер елден шығарылуы мүмкін

Шарбақты ауданында рұқсат құжаттары болмаса да құрылыс жүргізген екі шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Полицияның мәліметінше, көрші мемлекеттен келген қос азамат жеке баспананың құрылыс жұмыстарымен айналысқан. Алайда олардың Қазақстан аумағында заңды түрде еңбек етуіне қажетті тиісті рұқсаттары болмаған. Тексере келе, екеуінің де бұған дейін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.

 

«Мемлекетте болу қағидаларын бұзғаны және заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушіге қатысты да әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады Павлодар облыстық ПД.

 

Енді шетелдік жұмысшыларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке дейін қамауға алу және Қазақстаннан тыс жерге шығарып жіберу жазасы тағайындалуы мүмкін. Ал оларды жалдаған үй иесі 519-баптың 1-бөлігі бойынша 130 мың теңгеге жуық айыппұл арқалады.

 

фото: Павлодар облысы ПД