Павлодар облысында әкесін іздеп тас жолға шығып кеткен 9 жасар бала табылды
Баянауыл ауданында полицейлер тас жолда ересектерсіз жалғыз жүрген 9 жасар баланы аман-есен тауып, ата-анасына қайтарды, - деп хабарлайды irbistv.kz.
Тәртіп сақшылары баланы таңғы сағат 5 шамасында патрульдеу кезінде байқаған. Белгілі болғандай, отбасы жаз мезгілінде Жасыбай көлінде демалып жатқан. Таңертең әкесі жұмысқа кеткенде, оянған бала анасы ұйықтап жатқан сәтте оның соңынан іздеп шыққан. Ол қауіпті аңғармай, тас жол бойымен шамамен 7 шақырым жаяу жүріп үлгерген.
– Бақытымызға орай, бәрі сәтті аяқталды. Бала аман-есен, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Анасымен және баламен өз бетінше кету жағдайларына жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
