Павлодарда 80 миллион теңгеден астам қарызы бар көліктер айып тұрағына қойылды
Павлодар облысында борышкерлерді анықтау бойынша рейд барысында мемлекетке жалпы сомасы 80 миллион теңгеден астам қарызы бар екі шетелдік автокөлік айып тұрағына жөнелтілді, деп хабарлайды irbistv.kz.
Арнайы тұраққа бірінші болып Lexus RX 350 қойылды. Полицияның мәліметінше, оның иесінің 41,8 миллион теңгеден астам салық бойынша берешегі бар. Бұған дейін бұл автокөлікке тыйым салынған болатын.
Volkswagen Passat иесі де дәл осындай жағдайға тап болды. Оның қарызы 40 миллион теңгеден асады, ал көлігі де арестте болған.
– Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды, иелері оларды барлық қарыздарын толық төлегеннен кейін ғана алып кете алады, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
