Павлодарда балаларына 7 миллион теңгеге жуық қарыз болған ер адам ұсталды
Павлодарда полицейлер ұзақ уақыт бойы сот орындаушыларынан жасырынып, өзінің екі кәмелетке толмаған баласына алимент төлемей келген ер адамды тапты. Берешектің жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды irbistv.kz.
Полицияның мәліметінше, ер адам сот орындаушыларынан бой тасалап жүргендіктен, оны іздестіру жұмыстарына көші-қон қызметінің мамандары да тартылған. Ол Павлодар қаласының Железнодорожная көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылды.
– Барлық материалдар бұдан былайғы өндіріп алу шаралары үшін сот орындаушыларына тапсырылды. Сот актісін елемегені үшін ер адам жауапкершілікке тартылып, Павлодар қаласының арнайы қабылдау орнына орналастырылды, — деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
