Павлодарда балық аулауға арналған жабдықтар дүкенінде өрт шықты
Павлодарда Малайсары батыр көшесінде орналасқан дүкен өртенді. Тұрғын үйдің кіреберісінен 16 адам эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды irbistv.kz.
Оқиға туралы сигнал 101 қызметінің пультіне келіп түсті. Желіге жеткен өрт сөндірушілер жалын дүкеннің сауда залы мен қойма бөлмесін шарпығанын анықтады. Құтқарушылар үй тұрғындарын эвакуациялауды қамтамасыз ете отырып, өртті сөндіруге кірісті. Нәтижесінде жалпы саны 16 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
— Өрт жедел түрде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, — деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.
