• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтары қалпына келтірілді

Павлодарда ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтары қалпына келтірілді

Қаланың бірқатар мектептерінде инклюзивті білім беру саласындағы базалық инфрақұрылымның болмағаны анықталды. Атап айтқанда, балаларға олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып көмек көрсетуге арналған толық жабдықталған кабинеттер болмаған, деп хабарлайды irbistv.kz.

Павлодар қаласы прокуратурасы қызметкерлері осындай мәліметтерді анықтады. Айтуларынша, соның салдарынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар шамамен 800 бала сапалы білімді толық көлемде ала алмаған.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджет қаражаты бөлініп, Павлодар қаласындағы 10 мектепте инклюзивті білім беруді қолдауға арналған толық жабдықталған кабинеттер ашылды. Барлығы 325 оқушы қамтылды, – деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

Сонымен қатар, бюджет қаражаты келесі жылға да жоспарланған. Нәтижесінде 2027 жылы Павлодар қаласындағы тағы 13 мектепте осындай кабинеттер ашылады.

сурет : magnifik