Павлодарда компьютер клубының бұрынғы қызметкері ұрлық үшін сотталды
Павлодар облысында компьютер клубының бұрынғы қызметкері құны 1,8 миллион теңгеден асатын жедел жад модульдерін ұрлағаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды irbistv.kz.
Ұрлық компьютерлер жиі істен шығып, келушілер шағымдана бастаған кезде анықталған.
- Ер адам қызметтік жағдайын және техникаға қолжетімділігін пайдаланып, компьютер бөлшектерін жасырын түрде ұрлаған. Келтірілген шығын 1,8 миллион теңгеден асқан, - деп хабарлайды Павлодар облысы ҚАЖ департаменті.
Сот шешімімен оған 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ол Аққулы ауданының пробация қызметінде есепте тұр.
Фото: magnific.com
