Павлодарда кәсіпкерді қатігездікпен өлтіргені үшін ер адам 15 жылға сотталды
Павлодарда Асулан Нурмагамбетовты өлтірді деп айыпталған кәсіпкерге үкім шығарды. Ер адамды жоғалған соң үш тәуліктен өлі күйінде тапты. Тергеу анықтағандай оған гаражда 22 пышақ жарақатын салған деп хабарлайды irbistv.kz. Марқұмның туысқандары тағайындалған жазамен келіспей отыр.
Асулан Нұрмағамбетов өткен жылдың ақпанында жоғалып кетті. Үш тәуліктен соң оның мәйітін Марғұлан көшесіндегі үйдің ауласынан тапты. Тергеу анықтағандай ер адамға гаражда 22 пышақ жарақатын салған. Айыпталушы бақылау камерасын қолғаппен жапқан. Күдікті Нұрмағамбетовпен іскерлік қарым-қатынаста болған кәсіпкер болып шықты. Ол қылмыс орнынан ізін суытып, Ресейге кетіп қалған. Кейін оны ұстап, экстрадициялады. Бастапқыда қылмысқа марқұмның қарызы себеп болған деп айтылды. Алайда сотта бұл нұсқаны растамады.
-Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін, - деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Айнур Юсупова.
Бұл ерекше қатыгездікпен жасалған адам өлтіру үшін көзделген ең төменгі жаза мерзімі. Баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Судья ауырлататын мән-жайлардың болмауын және жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескерді. Алайда қаза болған адамның туыстары мұндай жазаға келіспейді
-Бүгінгі күні алған жазасы екінші бөліммен 15 жыл деген аз, мен 20 жыл, тіпті өмір бойынна қамалуын қалаймын. Ол менің бауырымды аямады ма, мен неге оны аяуым керек? Қазір оның уақытша ұстау изоляторында отырған бір жылына екі жылы кетіп тұр, - дейді Асулан Нұрмағамбетовтың апасы Гүлжихан Рыспаева.
Сот шешімімен сотталушы марқұмның туыстарына моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге де міндеттелді. Жұбайына 8 миллион теңге, оның әпкелері мен ағасына 1 миллион теңгеден. Сонымен қатар, сотталушы олардың адвокат қызметіне және жерлеу рәсіміне жұмсаған шығындарын өтеуге міндетті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
