Павлодарда көлік сатамын деп алдаған алаяқтар ұсталды
- 2020 жылдың желтоқсанынан бастап, 2021 жылдың наурызы аралығында аталмыш тұлғалар қалта телефондарының көмегімен «Kolesa.kz» сайтына «ВАЗ 2107», «ВАЗ 2114», «ВАЗ 2170», «ВАЗ 2190» көліктерін 250-400 мың теңге арасындағы төмен бағаға сатамын деп хабарлама берген. Суреттерін тура осы сайттан көшіріп салыпты. Сатып алушылар оларға хабарласқан соң, алдын ала төлем жасап, ақшаны басқа біреудің атындағы карточкаға аударуды сұраған, - дейді Павлодар облысы ПД бастығы Нұрлан Масимов.
Тиісті қаражат түскен соң, күдіктілер абоненттік номерлерді лақтырып тастап, ақшаны шешіп алған. Полицейлердің айтуынша олар 300 аялаяқтық әрекет жасады деген күдік бар. Аталмыш дерекке бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдіктілер уақытша ұстау қапасында қамауда. Тәртіп сақшылары осындай жағдайға тап болып, жапа шеккен тұрғындардың полицияға жүгінуін сұрайды.

