• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда жеке клиника сот арқылы 3,4 мыңнан астам пациентін қайтарып алды

Павлодарда жеке клиника сот арқылы 3,4 мыңнан астам пациентін қайтарып алды

Мемлекеттік орган пациенттерді жекеменшік клиникадан мемлекеттік мекемеге ауыстыру туралы бұйрық шығарған. Бұған себеп ретінде лицензияның және жедел жәрдем қызметінің жоқтығы көрсетілген, деп хабарлайды irbistv.kz.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында істі қарау барысында талап арызбен жеке клиника өкілдері жүгінгені белгілі болды. Соның салдарынан емдеу мекемесі 3,4 мың пациентінен айырылған. Бұйрықта зертханалық диагностика лицензиясының, жеделдіктің 4-санатындағы жедел жәрдемнің және бір мекенжай бойынша дәрігерге дейінгі көмектің жоқтығы негіз ретінде көрсетілген.

- Сотта анықталғандай, жеке клиникада барлық қажетті лицензиялар бар. Яғни, талапкер медициналық қызмет көрсетуге және жедел жәрдемге қажетті барлық рұқсат құжаттарына ие. Клиникада қан алу пункті бар және талдауларды сыртқы зертханаға жолдайды, бұл бөлек зертханалық диагностика лицензиясын талап етпейді. Ал жауапкер тарапынан халықты мәжбүрлі түрде басқа мекемеге ауыстыруға заңды негіздердің бар екені дәлелденбеген, - деп хабарлады Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында.

Сот уәкілетті органның тіркелген халықты басқа мекемеге беру туралы бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жойды. Сондай-ақ жауапкерден талапкердің пайдасына 500 000 теңге көлемінде өкілдік шығын өндірілді.