Павлодарда қызыл шамға өткен жүргізуші жазаланды
Сәтбаев – Торайғыров көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналы жанғанына қарамастан қозғалысын жалғастырған, деп хабарлайды irbistv.kz.
Жүргізушіні полицейлер анықтады. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
- Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері жүргізушілердің бағдаршамның тыйым салатын түсіне өтіп кеткен 2 мыңға жуық дерегін анықтады, - деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
Фото: ЖИ
