Павлодарда құтқарушылар үйде жалғыз қалған зейнеткерге көмек көрсетті
Қария өз пәтерінде құлап, көмекке мұқтаж болған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
1 қазан күні 112 пультіне Павлодар қаласында қарт адамның пәтер ішінде құлап, кіреберіс есікті өздігінен аша алмай қалғаны туралы хабарлама түсті.
-Оқиға орнына келген құтқарушылар полиция қызметкерлерінің қатысуымен жылжымалы баспалдақ пен арнайы құралды пайдаланып, екінші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кірді.
Ер адам бөлмелердің бірінен еденде жатқан жерінен табылды. Құтқарушылар оны одан әрі тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды,-деп мәлім етті облыстық ТЖД.
Фото: облыстық ТЖД.
