Павлодарға кіреберісте пропан тиелген цистерна аударылды
Жол-көлік оқиғасы Павлодар қаласына кіреберістегі әуежай бағытына қарай орналасқан айналма жолда орын алды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, жүк көлігі қозғалыс кезінде жартылай тіркемесі тартқыштан ажырап кеткен. Соның салдарынан пропан тиелген цистерна бүйіріне аударылған. Басқа көліктермен соқтығыс болмаған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған бейнеге сәйкес, пропан тиелген цистернаны көтеру үшін екі көтергіш кран жұмылдырылған.
Фото: tipavlo парақшасынан алынды
