Пәтер есігін шатастырамын деп жауапқа тартылды

Шақыртуға келген полицейлер Павлодар қаласының 30 жастағы тұрғыны сүйіктісіне тосын сый жасамақ болғанын анықтаған. Ол өзінің келетіндігі туралы алдын ала хабарламаған, подъездге кірген кезде ғана сүйіктісіне қоңырау шалған, алайда сүйіктісі телефон қоңырауына жауап бермеген және есігін ашпаған. Ренжіген қыз сүйіктісін есіктің алдында тосуға шешім қабылдап, бүкіл подъездге айқайлап, есікті қатты қағып, отырған орнында тұрмыстық қоқыс қалдырған. Осы фактіні талқылау барысында қыз қараңғыда есікті шатастырып, көршілердің есігін қаққаны анықталды. Тыныштықты және абаттандыру ережелерін бұзу фактісі бойынша қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Ал наурыздың 16-сы таңғы бестер шамасында жас қыз досының туған күнінен кейін үйдің подъездін шатастырып, басқа адамдардың есіктерін қаққан. Пәтер иелері "белгісіз адам пәтерге кірмекші" деп полицияға қоңырау шалған. Шақыртуға келген полицейлер қызға керек есігін көрсетіп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Екеуіне де бапқа сәйкес айыппұл төлеуге тура келеді.