Саябақта жайылып жүрген сиырларды полиция қызметкерлері тоқтатты
Павлодар қаласындағы Амангелді көшесінің бойындағы саябақта 8 бас ірі қара байқалған. Сиырлар жақын маңдағы аулаға да кіріп кеткен, деп хабарлайды irbistv.kz.
Оқиға туралы тұрғындардан 102 арнасына хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпсіз жерге шығарып салды. Көп ұзамай олардың иесі де анықталды.
- Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін азаматшаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Полиция өкілдері ірі қара малды тиісті бақылаусыз қалдыру азаматтардың қауіпсіздігіне және жол қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
фото: ЖИ арқылы жасалған
