• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Шарбақтыда көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған ер адам тағы да мас күйінде рөлге отырған

Шарбақтыда көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған ер адам тағы да мас күйінде рөлге отырған

 

 

Шарбақты ауданында мас мотоциклші полиция қызметкерлерінен қашып кетуге тырысқан. Кейін ер адамның көлік басқару құқығынан осыдан 5 жыл бұрын өмір бойына айырылғаны анықталды, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

ULAR-300 мотоциклінің тізгінінде 46 жастағы жергілікті тұрғын болған. Полиция мәліметінше, ер адамнан алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Алайда тексеру барысында жүргізушіге көлік басқаруға мүлдем болмайтындығы анықталды. 2021 жылдың желтоқсанында оның көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, араға бес жылға жуық уақыт салып, ер адам қайтадан рөлге отырған. Оның үстіне, полиция қызметкерлері тоқтатқаннан кейін олардан қашып кетуге әрекет жасаған.

 

-Мотоцикл арнайы тұраққа қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.