Жасыбай көлінде катамаранға көп адам мініп аударылып кеткен
Жасыбай көлінде катамаран аударылып, бес демалушыны құтқаруға тура келген. Барлығы аман-есен эвакуацияланды, ешкімге медициналық көмек қажет болмады, - деп хабарлайды irbistv.kz.
Оқиға шілденің 13-і сағат 15:22-де Баянауыл ауданының Жасыбай көлінде болған. Демалыс кезінде бес адам, екі әйел және үш ер адам, бір катамаранға мініп, салдарынан аударылып кеткен. Алдын ала ақпарат бойынша, оған қайыққа мінгендердің шамадан тыс салмақ түсіруі себеп болуы мүмкін. Құтқарушылар демалушыларды эвакуациялап, жағаға жеткізді, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
