Жүкті әйел Ертіс ауданынан Павлодарға шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді
«Қазавиақұтқару» тікұшағы медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйелді шұғыл тасымалдау үшін Павлодар – Ертіс – Павлодар бағыты бойынша санитариялық рейс орындады,-деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйелді тасымалдау туралы өтінім Ертіс аудандық ауруханасынан түскен. Жүктіліктің 36-аптасындағы 29 жастағы пациентке мамандандырылған медициналық көмек қажет болған.
- Әйелді тасымалдау үшін реаниматолог, гинеколог және мейіргерден тұратын медициналық авиация бригадасы жіберілді. Ұшу кезінде пациенттің жағдайы тұрақты медициналық бақылауда болды. Павлодарға қонғаннан кейін пациент облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді,-делінген ТЖМ баспасөз қызметі хабарламасында.
